Талас: Мазмұнды уағыз айтылды

Талас: Мазмұнды уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

“Исламдағы жар таңдау” тақырыбында мазмұнды уағыз өтті. Аққұм ауылындағы Тұңғатар ата мешітінде жамағатқа арналған рухани кездесу ұйымдастырылды. Мешіт имамы Абат Дәурен исламдағы жар таңдау тақырыбында кең көлемді, мазмұнды уағыз-насихат айтты. Дәурен имам уағыз-насихат барысында отбасы құрудағы жауапкершілік, жар таңдаудағы негізгі өлшемдер және исламдағы неке құндылықтары туралы кеңінен түсіндірді.

Сондай-ақ, дұрыс таңдау жасау отбасының берекесіне және қоғамның тұрақтылығына ықпал ететіні атап өтілді. Жиын барысында жамағат тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін білдіріп, өмірлік тәжірибеден мысалдар келтірілді. Шара мазмұнды өтіп, қатысушыларға рухани тұрғыдан пайдалы әсер қалдырды.

"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: