"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы жамағатқа арналған кең көлемді насихат айтып, “Адал қоғам” тақырыбын қозғады. Ахат имам адалдықтың тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтті.
Ол әрбір мұсылманның ісінде, сөзінде және табысында адал болудың маңызын түсіндіріп, адал еңбектің береке мен ризықтың артуына себеп болатынын жеткізді. Сонымен қатар, әділетсіздік, алаяқтық және жауапсыздық сияқты теріс әрекеттердің қоғамға зиянын тигізетінін айтып, мұндай әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Жастардың тәрбиесінде адалдық пен еңбекқорлықты қалыптастыру – болашаққа жасалған маңызды қадам екені де сөз болды. Жиын мазмұнды өтіп, жамағатқа рухани әрі тәрбиелік тұрғыдан пайдалы ойлар ұсынылды.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.


20 Сәуір 2026
3 Зуль-каада 1447

