Талас: Истисқа намазы оқылды

Талас: Истисқа намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәду Шәкіров ауылында истисқа намазы оқылып, көпшілікпен жаңбыр тіленді. Сәду Шәкіров ауылы "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет тұрғындарды бір арнаға жинап, құрғақшылық кезеңінде Алладан жауын сұрау мақсатында игі шара ұйымдастырды. Шара аясында бірнеше қой құрбандыққа шалынып, жамағатпен бірге истисқа намазы орындалды.

Намаздан кейін ауыл тұрғындары бірлесе отырып, Жаратушыдан жаңбыр жаудыруды тіледі. Игі амалға қатысқан ауыл халқы бұл күнді рухани бірлік пен ынтымақтың көрінісі ретінде атап өтті. Шара соңында ел амандығы мен жердің берекесі үшін дұға жасалды.

"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: