ТАЛАС. Діни сауаттылық – жат ағымнан қорған

ТАЛАС. Діни сауаттылық – жат ағымнан қорған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы жамағатқа арналған уағызын әрбір мұсылманның діни жат ағымдардан сақтануға мән беріп, діни сауатты болуы қажеттігін айтудан бастады.

Уағыз барысында Жалғасбай Дүйсенбайұлы қазіргі қоғамда діни ақпараттың әртүрлі арналардан тарайтынын, сол себепті әр адам сенімді дереккөзді ажырата білуі маңызды екенін түсіндірді. Ол діни білімді тек білікті ұстаздардан, мешіт имамдарынан және ресми діни мекемелерден алу керектігін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, жалған діни түсініктер мен күмәнді ағымдардың адам сеніміне, отбасы тұрақтылығына және қоғам бірлігіне кері әсер ететіні жөнінде кеңінен тоқталды. Жастардың діни сауатын арттыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екені де айтылды. Кездесу соңында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, бас имам нақты әрі түсінікті жауаптар берді. Жиынымыз мазмұнды әрі кең көлемде өтіп, қатысушыларға рухани ой салды.

Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: