Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) риуаят етеді: Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) Хайбар жерінен бір үлеске ие болады. Осыған байланысты ол ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың елшісі! Мен Хайбардан бір жер иелендім. Бұдан асқан құнды дүниеге бұрын-соңды ие болмап едім. Осы жайында қандай кеңес бересіз?» – деп сұрайды.
Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қаласаң, оның өзін (негізін) сақтап, табысын садақа етіп отыр», – деп кеңес береді. Осыдан кейін хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) ол жерді сатылмайтын, мұраға берілмейтін етіп уақыпқа айналдырып, одан түскен пайданы мұқтаж жандарға үлестіріп отырған.
Осыған орай Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аудан имамдарымен «Уақып – үзілмес ізгілік» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында уақыптың маңызы кеңінен түсіндіріліп, оның қоғамдағы орны мен пайдасы жан-жақты талқыланды. Жиын соңында барша мұсылман қауымының жасаған садақалары мен дұғаларының қабыл болуын тілейміз.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


24 Сәуір 2026
7 Зуль-каада 1447

