Жомарттық – көркем мінездің ажырамас бөлігі, адамгершілік пен қайырымдылықтың айқын көрінісі. Бұл қасиетте адамзаттың асылы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барша мұсылманға үлгі көрсеткен. Ол кісі әрбір ісінде үмбетіне өшпес өнеге қалдырған.
Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Сондай қайыр істегендер, бергендеріне міндетсу, ренжіту араластырмаса, оларға Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды», – деп жомарттықтың сауабының ұлы екенін баян етеді. Осы орайда Қордай ауданы, Қордай ауылына қарасты «Рахман» мешітінде демеуші жамағатқа алғыс білдіріліп, арнайы марапаттар мен сыйлықтар табысталды.
Алла үйінің қызметіне үлес қосып жүрген, Оның разылығын көздеген жомарт жандарымыздың қатары арта берсін. Алла Тағала олардың дүние мен ақыретіне береке мен игілік нәсіп етсін. Баршамыздың жасаған игі амалдарымыз қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



20 Сәуір 2026
3 Зуль-каада 1447

