Расында, мұсылман – бүлдіруші емес, бүтіндеуші; қиратушы емес, дұрыстаушы; зиян келтіруші емес, пайда әкелуші. Ислам дінінде қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәселесі кеңінен насихатталған.
Ағаш отырғызу, құдық қазу сынды игі амалдар дінімізде ерекше мадақталып, мұсылмандар осы сауапты істерге шақырылған.Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімнің қолында бір көшет болса, қиямет басталып кетсе де, оны отырғызуға шамасы жетсе, дереу отырғызсын», – деп өсиет еткен.
Осы орайда Қордай ауданы, Қарасу ауылындағы «Ал-Хади» мешітінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында мешіт ауласы тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Ағаштар бұталып, қоршаған орта көркейтілді. Игі іске атсалысқан барша жамағатқа Алла разы болсын. Еліміз көркейіп, табиғатымыз таза әрі әсем бола берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



20 Сәуір 2026
3 Зуль-каада 1447

