Қордай: «Ал-Хафиз» мешітінде жеміс талдары егілді

Қордай: «Ал-Хафиз» мешітінде жеміс талдары егілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні адамзатты ең алдымен Аллаға иман келтіруге, одан кейін сол иманның аясында игі амал жасауға шақырады. Қасиетті Құран Кәрімде көптеген аяттарда иман мен амалдың қатар айтылуы – олардың бір-бірінен ажырамас ұғым екенін көрсетеді.

Еңбек етудің, сауапты іс жасаудың артықшылығы жөнінде ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадистерінде насихат еткен. Солардың бірінде: «Кімнің қолында бір көшет болса, қиямет басталып кетсе де, оны отырғызуға шамасы жетсе, дереу отырғызсын», – деп өсиет қалдырған.

Осы орайда Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Ал-Хафиз» мешітінде жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды. Мешіт аумағын көркейтуге бағытталған бұл игі іске жамағат белсене атсалысты. Игі бастамаға үлес қосқан барша жандардың амалдары қабыл болып, ниеттері мен мұраттары асыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: