Қордай: Аудандық «Қордай» мешітінде жеміс ағаштары егілді

Қордай: Аудандық «Қордай» мешітінде жеміс ағаштары егілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзімен көрген сахаба Әбу Дәрда (Алла оған разы болсын) қартайған шағында Дамаск қаласында жеміс көшетін отырғызып жатқанда, бір кісі: «Жасыңыз келіп қалды ғой, мұны не үшін істеп жатырсыз?» – деп сұрайды.

Сонда Әбу Дәрда (Алла оған разы болсын): «Асықпа, сабыр ет! Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, біз оның жемісін жедік. Енді отырғызу – біздің кезегіміз. Оны кейінгі ұрпақ пайдаланады», – деп жауап береді. Сондай-ақ ол Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қандай да бір мұсылман ағаш отырғызса немесе егін ексе, одан адамдар, жануарлар, құстар жесе – ол оған садақа болып жазылады», – деген хадисін жеткізген.

Осы орайда Қордай аудандық «Қордай» мешітінің аумағында жеміс ағаштары отырғызылды. Игі іске жамағат белсене қатысып, мешіт ауласын көркейтуге үлес қосты. Бұл бастаманы қолдаған барша жандардың дұға-тілектері қабыл болып, жасаған амалдары Алла Тағаланың разылығына жетелесін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: