Қордай: «Арақсыз ауыл» акциясы өтті

Қордай: «Арақсыз ауыл» акциясы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінінде адамды мас қылатын барлық нәрсе – аз болсын, көп болсын – харам болып саналады. Кейбіреулер «аз мөлшерде ішсе, мас қылмайды, демек ішуге болады» деген қате пікірде болады. Алайда бұл – негізсіз тұжырым. Себебі адам алғашында аз мөлшерден бастап, уақыт өте келе оған үйреніп, мөлшерін көбейтуі әбден мүмкін. Сондықтан да Ислам діні адамды зияннан сақтау мақсатында ішімдіктің азын да, көбін де түгелдей харам еткен.

Осыған қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Көбі мас қылатын нәрсенің азы да харам», – деп өсиет қалдырған. «Арақсыз ауыл» — елімізде салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алу және рухани құндылықтарды арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба. Жоба аясында ауыл дүкендерінде алкоголь өнімдерін сатуды тоқтату, сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде.

Осы орайда Қордай ауданына қарасты Жамбыл ауылында «Арақсыз ауыл» тақырыбында арнайы іс-шара өтті. Ауыл әкімі мен мешіт жамағаты, ауылдық кеңес төрағасы бірқатар сауда орындарын аралап, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Баршамыздың шаңырағымызға тыныштық, береке және амандық тілейміз.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: