Ең сауапты амал – Алла Тағаланың бұйырған парыздарын орындау болса, сол құлшылықты атқаруға ең лайықты орын – мешіт. Мешіт – адамзатты жаратқан Жаратушыға құлшылық жасалатын таухид орталығы.
Қасиетті Құранда: «Шүбәсіз, мешіттер – бір Аллаға тән. Ендеше, Алламен бірге ешкімге дұға етпеңдер», – деп бұйырылған. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға ең сүйікті орындар – мешіттер», – деп, мешіттердің исламдағы ерекше орнын атап өткен. Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Жамбыл ауылында орналасқан «Ал-Хафиз» мешітінде зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында мешітке қарасты кітапхана, бейнебақылау жүйесі, сондай-ақ әжетхана жағдайы толық қаралып, тиісті бағыттар бойынша оң баға берілді. Сонымен қатар, кейбір жетілдіруді қажет ететін мәселелер бойынша нақты ұсыныстар мен нұсқаулар берілді. Алла Тағала еліміздегі барлық мешіттердің көркеюін және жамағат санының артуын нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



21 Сәуір 2026
4 Зуль-каада 1447

