Қордай: Аудандық алтыншы семинар өтті

Қордай: Аудандық алтыншы семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазіреті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде адамның жаратылысы мен иманға бейімділігі туралы былай деген: «Әрбір сәби (жаратылысында) мұсылман болып дүниеге келеді. Бірақ оны ата-анасы өз діндеріне бейімдейді: яһуди, христиан немесе мәжуси етеді».

Бұл хадис адам баласының бойында діни сенімнің туа біткен табиғи қасиет екенін көрсетеді. Осыған ұқсас тұжырымды батыс әлеуметтанушылары да адамның тылсым күшке сену сезімі туа біткен құбылыс екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеген. Дегенмен, бұл сенімнің дұрыс арнаға бағытталуы – адам тәрбиесі мен танымына байланысты. Осы орайда Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Дін және діннің түрлері» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарға аудан ұстаздары мен шәкірттер қатысып, дін ұғымы, оның түрлері және қоғамдағы орны жан-жақты түсіндірілді. Кездесу барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Алла Тағала баршамызды дінімізде бекем, иманымызда берік етіп, күпірлік пен надандықтан сақтасын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: