Қордай: Мұстафа Шоқай атындағы мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Қордай: Мұстафа Шоқай атындағы мектеп оқушыларымен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өмір – адам баласына берілген ең үлкен нығметтердің бірі. Әрбір адам Алла Тағаланың сыйлаған ғұмырының әр сәтін бағалап, оны ізгі амалдар жасауға мүмкіндік деп түсінуі тиіс. Қасиетті Құранның «Мүлік» сүресінде: «Қайсыларың жақсырақ амал жасайтындарыңды сынау үшін өлім мен өмірді жаратты», – деп баяндалған.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Адамдардың ең жақсысы – өмірі ұзақ әрі амалдары ізгі болғандары», – деп, өмірдің мәні оның ұзақтығында ғана емес, сапалы, игі істерге толы болуында екенін көрсеткен.Осы орайда Қордай ауданы, Қақпатас ауылында орналасқан Мұстафа Шоқай атындағы мектепте «Қақпатас» мешітінің имамы Жармахамбет Танаубайұлының қатысуымен оқушыларға арналған тәрбиелік кездесу өтті.

Кездесу барысында жастарға өмірдің құндылығы, әр сәттің қадірін білу, қиындықтарға қарамастан үміт үзбеу керектігі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, саналы ұрпақ болудың маңыздылығы айтылып, оқушылардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді.Алла Тағала ұрпағымызды саналы, салихалы етіп, амандықта өсіруді нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: