БАЙЗАҚ: НӘЗІК ЖАНДЫЛАР ТАБИҒАТҚА ШЫҚТЫ

БАЙЗАҚ: НӘЗІК ЖАНДЫЛАР ТАБИҒАТҚА ШЫҚТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Жанат Көшербаеваның ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері Жасөркен тауына табиғатқа шықты. Жамағат көкке шығып демалып, ұстаздан уағыз насихат тыңдап қайтты.

Жанат Көшербаева өз насихатында: «Исламда әйел адамның ілім алуы – үлкен жауапкершілік әрі құрметті міндет. Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ілім алу әрбір мұсылманға парыз» деп, бұл міндеттің ер мен әйелге бірдей екенін білдірген. Білімді әйел – саналы ана, парасатты жар, қоғамның тірегі. Ол алған ілімі арқылы ұрпағына дұрыс тәрбие беріп, отбасына береке кіргізеді. Сондықтан әрбір мұсылман әйел өзіне пайдалы ілімді үйренуге ұмтылып, дінін терең түсініп, өмірін соған сай көркемдеуге тырысуы қажет», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: