Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде жамағатпен кездесті.
Кездесу барысында Нұрәлі Бақытұлы «Тазалық иманнан, таза қоғам мұсылмандықтан» деген тақырыпта насихат айтып, сондай-ақ насихат барысында жат ағымдардың қауіптілігі туралы да айтып, діннің негізгі қағидаларын дұрыс түсіну, имандылыққа берік болу және экстремистік бағыттардың жетегінде кетпеу маңызды екенін жеткізді.



21 Сәуір 2026
4 Зуль-каада 1447

