Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында «Діннің жастар тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында жастармен рухани кездесу өтті.
Тәрбиелік бағыттағы жиынға Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы қатысты. Кездесу барысында ол жат ағымдардан сақтану, дін мен білімнің байланысы, дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде кеңінен насихат айтты.
Сондай-ақ жастардың теріс ағымдардың ықпалына түсу себептері мен оның салдары, қоғам мен мемлекетке төнетін қауіптері жан-жақты талқыланды. РАНТ мүшесі жастар санасын улайтын деструктивті идеологиялардан сақтанудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, еркін пікір алмасты.


21 Сәуір 2026
4 Зуль-каада 1447

