БАЙЗАҚ: ТҮЙМЕКЕНТ АУЫЛЫНДА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТІЛДІ

БАЙЗАҚ: ТҮЙМЕКЕНТ АУЫЛЫНДА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы «Түймекент» мешітінде Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы пәтуа сағатын өткізіп «Шәууәл оразасы» жайлы насихатын айтып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Қанат Әділханұлы насихатында: «Шәууәл айында ұсталған ораза – Рамазаннан кейінгі үлкен сауапқа жеткізетін игі амалдардың бірі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кім Рамазан оразасын ұстап, артынан Шәууәл айынан алты күн ораза ұстаса, ол бір жыл бойы ораза ұстағанмен тең» деген. Бұл – Алланың құлдарына берген үлкен нығметі мен мүмкіндігі. Шәууәл оразасы пенденің Рамазандағы құлшылығын жалғастырып, нәпсісін тәрбиелеуге, тақуалығын арттыруға себеп болады. Сондықтан бұл мүмкіндікті жібермей, шынайы ықыласпен ораза ұстап, сауапқа кенелуге тырысқан абзал», - деп, Шәууәл айының маңыздылығы мен мол сауабы жайлы жамағатпен бөлісті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: