Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) шәууәл айында ораза ұстаудың қадір-қасиеті туралы былай деген: «Кімде-кім Рамазан айының оразасын ұстап, оған Шәууәл айынан алты күн қосса, бір жыл үздіксіз ораза ұстағанмен тең болады».
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылындағы «Рахман» мешітінде «Шәууәл оразасының маңызы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Іс-шараға аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы мен Әжелер алқасының мүшелері арнайы қонақ ретінде қатысты.
Жиын барысында Эльмира Аманқожақызы шәууәл айының шарапаты мен артықшылықтары туралы насихат айтып, бұл айда ораза ұстаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, шәкірттер тақырып аясында монологтар оқып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара барысында түрлі танымдық ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Ашық сабақ тағылымы мол, әсерлі кездесу ретінде өтті. Алла Тағала баршамыздың дұға-тілектеріміз бен амалдарымызды қабыл етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



21 Сәуір 2026
4 Зуль-каада 1447

