Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы мен мешіттің жастар жамағаты Имам Тирмизидің «Шәмәил Мұхаммадия» атты Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жайлы кітабын оқып шықты.
«Шәмәил Мұхаммадия» кітабы – Пайғамбарымыз Мұхамметтің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінез-құлқын, сыртқы бейнесін, жүріс-тұрысын және күнделікті өмірдегі әдептерін сипаттайтын тағылымды еңбек. Бұл кітап негізінен «Шәмәил Мұхаммадия» атты классикалық еңбектің жеңілдетілген, жастарға түсінікті нұсқасы болып табылады. Еңбекте хадистер арқылы Пайғамбарымыздың қарапайымдылығы, мейірімділігі, сабырлығы және адамгершілік қасиеттері кеңінен баяндалып, жас ұрпақты көркем мінезге тәрбиелеуге бағытталған кітап.



21 Сәуір 2026
4 Зуль-каада 1447

