Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Бйзақ баба» мешітінің қыздар жамағаты Құранға түсіп «Тәж кию» іс-шарасын жасады. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Құранға түскен шәкірттердің басым көпшілігі ақ жаулықты әжелеріміз.Әжелерімізге қарап ілімнің жас таңдамайтынын тағы бір еске алдық. Шара барысында «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Жанат Кушербаева шәірттеріне өз насихатын айтты.
«Ұстаз шәкірттеріне қарап, олардың Құран жолына қадам басқанын үлкен нығметке балап: «Сендер – Алланың таңдаулы құлдарысыңдар, себебі Құран үйрену әркімге нәсіп бола бермейді. Бұл жол – сабыр мен ықыласты талап етеді, бірақ оның жемісі – екі дүниенің бақыты. Әр әріпті үйренген сайын сауап жазылып, жүректерің нұрлана түседі. Ешқашан шаршамаңдар, керісінше, Құран сендерді биіктететінін ұмытпаңдар» – деп, оларға шабыт пен жігер беретін әсерлі насихат айтты», - деді.



21 Сәуір 2026
4 Зуль-каада 1447

