Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Қосақ мешітінің жамағаты мен жастарына дәстүр құндылықтарын дәріптеп кішігірім насихат жүргізді.
Қанат Әділханұлы өз насихатында: «Дәстүр – ұлттың тамыры, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан рухани қазына. Әрбір халықтың болмысын айқындайтын салт-дәстүрлері оның тәрбиесі мен мәдениетінің айнасы болып табылады. Ата-бабамыздан аманат болып қалған әдеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет, қонақжайлық сынды асыл қасиеттер – қоғамның берекесін арттыратын құндылықтар. Осындай игі дәстүрлерді сақтау – тек өткенге құрмет емес, келешекке дұрыс бағыт беру. Сондықтан әрбір адам өз болмысын жоғалтпай, ұлттық құндылықтарды күнделікті өмірінде ұстанса, қоғамымыз да берік әрі өнегелі болмақ», - деді.



21 Сәуір 2026
4 Зуль-каада 1447

