«Білім иелері – пайғамбарлардың мирасқорлары». Бұл турасында Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Шынында ғұламалар – пайғамбарлардың мирасқорлары. Пайғамбарлар динар да, дирхем де мұраға қалдырмаған. Расында, олар ілімді мұра етті.
Кімде-кім оған (ілімге) қол жеткізсе, мол олжаға ие болғаны», – деп өсиет еткен. Жамбыл облысы, Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Сортөбе ауылы имамдарымен аттестация алдындағы маңызды кездесу өткізді. Аталған жиын республика көлемінде өтетін дін мамандарының біліктілігін тексеруге арналған шараға дайындық аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында имамдардың білім деңгейін арттыру, діни қызметтегі жауапкершілікті күшейту және алдағы аттестацияға жан-жақты дайындық мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ, қатысушыларға бірқатар бағыт-бағдар беріліп, өзекті сұрақтар талқыланды. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім, ықыласты амал нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



21 Сәуір 2026
4 Зуль-каада 1447

