Қордай: Масаншы Имамдар үйінде кездесу өтті

Қордай: Масаншы Имамдар үйінде кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамды биік дәрежеге жеткізетін – оның дүние-мүлкі емес, артында қалдырған ілімі екені белгілі. Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) сахабалардың ішінде тұрмысы ең төмендерінің бірі болса да, Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін ең көп жеткізген сахаба ретінде тарихта қалды. Бұл – ілімнің қадірі мен құндылығын айқын көрсетеді.

Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Адам баласы дүниеден өткен соң, оның барлық амалы тоқтайды. Тек үш нәрседен басқа: жария садақа, пайдалы ілім және артынан дұға жасайтын салиқалы ұрпақ», – деп өсиет еткен. Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Масаншы ауылындағы Имамдар үйінде дін мамандарымен кездесу өткізді. Кездесу алдағы аттестацияға дайындық аясында ұйымдастырылып, имамдардың біліктілігі мен білім деңгейін арттыруға бағытталды.

Жиын барысында маңызды мәселелер көтеріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар, дін қызметіндегі жауапкершілік пен кәсіби дайындыққа ерекше назар аударылды. Алла Тағала баршамызға сынақтарымызда жеңілдік беріп, екі дүниеміздің игілігін нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: