Қордай: Тасаттық рәсімі жасалды

Қордай: Тасаттық рәсімі жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Бастарыңа қандай да бір бәле келуі – өз қолдарыңмен істеген істерің үшін. Сондай-ақ Алла істеріңнің көбін кешіруде», – деп баяндайды. Құрғақшылық орын алған кезде мұсылман қауым – үлкені де, кішісі де, ері мен әйелі де жиналып, арнайы намаз оқып, Жаратушыдан кешірім тілеп, жаңбыр сұрайды.

Бұл – үмбет болып бірігіп, Алланың рақымын тілеудің көрінісі. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Әлсіздерің үшін болмаса, сендерге жәрдем мен ризық келер ме еді?!» – деп, дұғаның қабыл болуына себеп болатын ықылас пен шынайылықтың маңызын ескерткен. Осы орайда Қордай ауданы, Қақпатас ауылының жамағаты тасаттық рәсімін өткізді.

Бұл амал шариғатта «жаңбыр сұрау дұғасы» немесе «жаңбыр сұрау намазы» деп аталып, араб тілінде «истисқа» деп белгілі. Жамағат бірлік танытып, Алла Тағаладан жаңбыр тілеп, дұға жасады. Соңынан дастарқан басында бас қосып, Құран оқыды. Алла Тағала дұға-тілектерімізді қабыл етіп, жерімізге береке, молшылық нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: