Қордай: Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі

Қордай: Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кім бізді алдаса – ол бізден емес», – деп, адалдықтың мұсылман өміріндегі маңызын айқындап берген. Адалдық – тек заң талаптарын орындаумен шектелмейді. Ол – адамның мінез-құлқынан, еңбекке деген көзқарасынан, қоғамдық жауапкершілігінен және өзгенің құқығына құрметпен қарауынан көрініс табатын асыл қасиет.

Осы орайда Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде әйел-қыздар жамағатының қатысуымен «Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-бабаларымыздың аманат еткен рухани құндылықтары кеңінен насихатталып, дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы, олардың қоғамдағы орны мен маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Ар-ұжданды биік қойған халқымыз кейінгі ұрпаққа ұлан-ғайыр жермен қатар, дін мен дәстүрге негізделген бай рухани мұра қалдырды. Жиында ұлттық болмысымызды сақтау, салт-дәстүрлерімізді құрметтеу және оны күнделікті өмірде ұстанудың маңыздылығы айтылып, қатысушылар пікір алмасты. Алла Тағала баршамызға ұлттық құндылықтарымызды танып, сақтап, амал етуді нәсіп етсін! Дінімізбен ұштасқан болмысымыз берік әрі қуатты болғай!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: