Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар», – деп мұсылман баласын тазалыққа, ұқыптылыққа шақырған. Осыған орай Қордай ауданы, Беріктас ауылындағы «Мухамедамин» мешітінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Ауыл тұрғындарының белсенді қатысуымен өткен сенбілік барысында мешіттің айналасы мен ішкі-сыртқы аумағы толық тазаланып, ретке келтірілді. Мұндай игі шаралар – қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, жамағат арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға да өз үлесін қосады. Барша атсалысқан жандардың ізгі амалдары қабыл болсын! Алла Тағала разы болатын істерден болуды нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


21 Сәуір 2026
4 Зуль-каада 1447

