Қордай: «Ал-Хади» мешітінде сенбілік өтті

Қордай: «Ал-Хади» мешітінде сенбілік өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисі арқылы мұсылмандарды тазалыққа ерекше мән беруге шақырған. Расында, мұсылман үшін ең абзал құлшылық – намаз. Ал намаздың дұрыс болуы үшін адамның денесі, киімі және намаз оқитын орны нәжістен таза болуы шарт. Осы талаптардың бірі орындалмаса, намаз да толыққанды қабыл болмайды.

Сондықтан тазалық – әрбір мұсылманның өміріндегі маңызды амалдардың бірі. Осы мақсатта Қордай ауданы, Қарасу ауылындағы «Ал-Хади» мешітінде имам Русланбек Сағынұлының ұйымдастыруымен сенбілік жұмыстары жүргізілді. Мешіт аумағы тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Іс-шараға белсенді қатысқан барша жамағатқа Алланың нұры жаусын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, айналамыз әрдайым таза болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: