Аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалұлы Меркі аудандық орталық кітапханаға арнайы барып, кітапхана жұмысымен танысты. Шара барысында ол рухани орданың тыныс-тіршілігін көріп, кітап қорымен танысып, оқырмандарға ұсынылып отырған әдебиеттерді назардан өткізді.
Кітапхана қызметкерлерімен жүздесу барысында бас имам олардың еңбегіне алғыс білдіріп, қоғамда білім мен руханиятты дамытудағы кітапхананың маңызына ерекше тоқталды.
Зиярат барысында бас имам кітап сөрелерін аралап, діни және тарихи мазмұндағы еңбектерді қарап шықты. Әсіресе, ұлттық құндылықтар мен дәстүр сабақтастығын дәріптейтін кітаптарға қызығушылық танытты.
Кездесу соңында кітапхана ұжымымен естелік суретке түсіп, алдағы уақытта бірлескен рухани-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру жайы сөз болды. Сондай-ақ, елдің тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

