Меркі: 64 дана сира кітабы мешіттерге уақып етілді

Меркі: 64 дана сира кітабы мешіттерге уақып етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дінімізде білім үйрену мен оны өзгелерге жеткізудің маңызы зор. Осы орайда игі бастамалардың бірі ретінде Меркі ауданы мешіттеріне 64 дана сира кітабы уақып етілді. Бұл сауапты іс – жамағаттың діни білімін арттырып, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін насихаттауға бағытталған маңызды қадам.

Сира кітаптары – Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  өмір жолын, көркем мінезін, адамзатқа қалдырған өшпес өнегесін баяндайтын құнды еңбектер. Осындай кітаптардың мешіттерге табысталуы жамағаттың рухани дамуына серпін беріп, жастардың Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  өмірімен тереңірек танысуына мүмкіндік жасайды.

Уақып етілген 64 дана кітап ауданға қарасты мешіттерге үлестіріліп, мешіт кітапханаларының қорын толықтырды. Бұл – жамағатқа пайдалы діни әдебиеттерді көбейтіп, сауатты діни білімнің таралуына үлес қосатын игі амал.

Осындай қайырлы іске атсалысқан азаматтарға Алла Тағала мол сауаптан жазсын. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  хадисінде: «Адам қайтыс болғанда, оның амал дәптері үш нәрседен басқа жағдайда жабылады: садақа жария, пайдалы білім, дұға ететін ізгі ұрпақ» деген. Мешіттерге кітап уақып ету – сол үзілмейтін сауаптың бір көрінісі.

Алла Тағала жасалған игі істерді қабыл етіп, ел игілігі үшін жасалған әрбір қайырлы амалды берекелі етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: