Табиғат аясында ауыл имамдарының қатысуымен тир ату бойынша шағын жарыс өтті. Шараның мақсаты – мергендік қабілетті шыңдау, зейін мен ұқыптылықты арттыру, сондай-ақ имамдар арасындағы бауырластықты нығайту.
Жарыс барысында қатысушылар нысана көздеп, дәлдік пен сабырлылықтарын көрсетті. Іс-шара имамдардың жан-жақтылығын танытып қана қоймай, тәртіп пен жауапкершілік секілді маңызды қасиеттерді дәріптеуге ықпал етті. Шара соңында қатысушылар мұндай тағылымы мол кездесулердің алдағы уақытта да жалғасын табуына ниет білдірді.



15 Маусым 2026
29 Зуль-хиджа 1447

