Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты «Алмалы сауықтыру» орталығында ауыл имамдары дін мен дәстүрді жаңғыртып, садақ атудан сынға түсті. Айтулы шараға Байзақ ауданының Бас имамы Қанат Әділханұлы мен ауданның имам-молдалары қатысты.
Тараз қаласынан келген имам Мәден Мұхамметжан, Үшбұлақ ауылының имамы Нұрлыбек Төлегенов және Мәдімар ауылының имамы Жақсылық Рахметов сұр мергендіктерімен көзге түсіп, қаржылай сыйлыққа кенелді.



15 Маусым 2026
29 Зуль-хиджа 1447

