«Ислам және адал қоғам» жылы аясында ауданымыздағы ауыл имамдары үшін тауға серуен ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – рухани демалыс алу, бір-бірімен бауырластық қарым-қатынасты нығайту және табиғат аясында ой-өрісті кеңейту болды.
Көркем табиғатта өткен сапар барысында имамдар бір-бірімен тәжірибе бөлісіп, ұйымшылдық пен төзімділіктің үлгісін көрсетті. Сондай-ақ, мұндай іс-шаралар рухани тәрбие мен адалдыққа шақыру арқылы қоғамдағы бірлікті арттыруға үлес қосатыны атап өтілді.


22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

