БАЙЗАҚ: КӨКТАЛ ЖАМАҒАТЫ НАСИХАТ ТЫҢДАДЫ

БАЙЗАҚ: КӨКТАЛ ЖАМАҒАТЫ НАСИХАТ ТЫҢДАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша «Дәстүр және отбасы» бағытына жауапты маман Бақытбек Бауыржанұлы Көктал ауылы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жамағатына «Дәстүр және отбасы» тақырыбында насихат айтты.

Бақытбек Бауыржанұлы өз насихатында: «Дәстүр және отбасы» – бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Өйткені отбасы – ұлттық құндылықтардың алғашқы мектебі. Әке мен ананың тәлім-тәрбиесі арқылы бала бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет, имандылық пен адамгершілік қасиеттер сіңеді. Қазақ халқының салт-дәстүрлері – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан рухани мұра, ал оны сақтау мен жаңғырту әрбір отбасының міндеті. Отбасында береке мен бірлік болса, қоғам да берік болады, сондықтан әр шаңырақ дәстүрге сүйеніп, тәрбиені дұрыс бағытта жүргізсе, ұлттың болашағы нұрлы болмақ.» - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: