БАЙЗАҚ: АЛМАЛЫДА АУЫЛ ИМАМДАРЫ ЛӘҢГІ ТЕПТІ

БАЙЗАҚ: АЛМАЛЫДА АУЫЛ ИМАМДАРЫ ЛӘҢГІ ТЕПТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Алмалы сауықтыру орталығында  Ауыл имамдарының арасында дәстүрлі ойындарымыздың бірі «ләңгі ойыны» ұйымдастырылды. Ойында Байзақ ауданының Бас имамы Қанат Әділханұлы да бой көрсетті.

Ойын нәтижесі төмендегідей өрбіді:

І орын Бақытжан Рахымбаев имам

ІІ орын Қанат Жұмағұл имам

ІІІ орын Қанат Тілеуқұлов имам

Ләңгі ойыны – қазақ халқының көне ұлттық ойындарының бірі, әсіресе балалар мен жастар арасында кең тараған. Бұл ойында былғарыдан немесе матадан жасалған, ішіне қорғасын не басқа салмақ салынған ләңгі аяқпен тебіліп, жерге түсірмей мүмкіндігінше көп рет қағу көзделеді. Ләңгі ойыны ептілікке, шапшаңдыққа және дене үйлесімділігіне баулиды, сонымен қатар достық қарым-қатынасты нығайтып, бос уақытты тиімді өткізуге ықпал етеді. Халық арасында бұл ойын тек көңіл көтеру құралы ғана емес, жас ұрпақты сергектікке, шыдамдылыққа тәрбиелейтін пайдалы дәстүрлі ойын ретінде бағаланады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: