Қордай: «Жақсылық жаса» тазалық сенбілігі өтті

Қордай: «Жақсылық жаса» тазалық сенбілігі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Намаздың кілті – тазалық. Оны қасиетті құлшылыққа айналдыратын нәрсе – тәкбір, ал одан шығаратын нәрсе – сәлем», – деген.

Сонымен қатар, исламдағы алғашқы түскен бұйрықтардың бірі де: «Ей, бүркенген жан! Тұр, халыққа ескерт. Раббыңды ұлықта. Киіміңді таза ұста», – деп, тазалықтың адам өміріндегі маңызын айқындайды. Осы орайда Қордай ауданы бойынша әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен бірқатар аудан мешіттерінде «Жақсылық жаса» атты тазалық сенбілігі өтті. Көктем мезгіліне орай өткізілген игі шараға мешіт шәкірттері мен ұстаздар белсене қатысты.

Шара барысында мешіт іші-сырты мен ауласы тазартылып, айнала ретке келтірілді. Бұл бастама – тазалыққа үндеп қана қоймай, қоғамда жауапкершілік пен жанашырлықты арттыруға бағытталған игі іс болды. Алла Тағала тазалықты сүйеді. Ендеше, әрбір мұсылман да тазалықты серік етуі тиіс. Баршамыздың ізгі амалдарымыз қабыл болып, Алла разы болатын істерден болғай!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: