Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Жамағат намазы – біреуіңнің жалғыз оқыған намазынан жиырма бес есе артық. Таң намазына түнгі және күндізгі періштелер жиналады», – деген. Тағы бір хадисте: «Жамағатпен оқылған намаз жалғыз оқылған намаздан жиырма жеті саты жоғары», – деп баяндалған.
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте: «Қаласаңдар, оқыңдар: «Расында, таңғы Құранға (періштелер) қатысады» », – делінген. Яғни таң намазында оқылған Құранды түнгі және күндізгі періштелер тыңдайды. Осы хадистерге сүйене отырып, намазды мешітте, жамағатпен оқудың сауабы мол екеніне көз жеткіземіз. Жамағат намазы – өз бойына көптеген хикметті жинаған, ислам діні ерекше мән берген, адамға мол сауап пен игілік сыйлайтын маңызды ғибадат.
Осы орайда Жамбыл облысы, Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы мешіт жамағатына «Жамағат намазының артықшылығы» тақырыбында бесін уағызын айтып, оның мән-маңызы мен рухани пайдасын кеңінен түсіндірді. Алла Тағала баршамыздың құлшылықтарымызды толық әрі қабыл етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

