Қордай: Жат ағымның белгілері жайында насихат айтылды

Қордай: Жат ағымның белгілері жайында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетін әрдайым бірлікке үндеп, жік-жікке бөлініп, алауыздыққа түсуден сақтандырған. Хадис шәріпте: «Ұлық Алладан қорқыңдар! Егер сендерге құл әмір болса да, оны тыңдаңдар әрі бойсұныңдар. Расында, араларыңда ұзақ өмір сүргендер көптеген келіспеушіліктерге (фитнаға) куә болады. Сондықтан сендер менің сүннетімді және тура жолдағы халифалардың сүннетін берік ұстаныңдар», – делінген. Осы орайда Қордай ауданына қарасты Өтеген ауылында жамағатқа жат ағымның белгілері жөнінде кеңінен насихат айтылды.

Кездесу барысында дәстүрлі дін мен теріс ағымдардың айырмашылығы түсіндіріліп, олардың қоғамға тигізер кері әсері баяндалды. Сонымен қатар, көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алла Тағала баршамызға тура жолдан таймай, діни сауатты, берік иманды мұсылмандардан болуды нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: