Алла елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткен риуаятта: «Құранды шебер оқитын адам – мәртебелі періштелермен бірге болады.
Ал Құранды оқуда қиналса, оған екі сауап жазылады», – делінген. Сондай-ақ: «Кеудесінде Құраннан еш нәрсе болмаған адам қаңырап тұрған үйге ұқсайды», – деген хадис те бар. Осы хадистерді негізге ала отырып, Қордай ауданының бас имамы Құран жаттауға ниет еткен шәкірттерге арнайы барып, Құран қарилар дайындау орталығын зиярат етті.
Зиярат барысында орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, оқу үдерісі мен шәкірттерге жасалған жағдайларды көрді. Жас қарилардың ықыласы мен талпынысына жоғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі. Алла Тағала Құранды жүректерімізге берік орнықтырып, оны өмірімізде амал етуді баршамызға нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

