Қордай: «Омар» мешіті зерделенді

Қордай: «Омар» мешіті зерделенді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт – мұсылмандардың құлшылық жасайтын қасиетті орны. Ондағы басты мақсат – Аллаға құлшылық етіп, парыз етілген үкімдерді орындау. Сонымен қатар, мешіт – қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың нығаюына, түрлі мәселелердің оң шешім табуына ықпал ететін рухани орталық. Адам өміріндегі көптеген діни рәсімдер де мешітпен тығыз байланысты. Атап айтқанда, балаға ат қою, неке қию, жаназа шығару секілді маңызды амалдар осы қасиетті орында жүзеге асырылады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Құлдың Раббысына ең жақын сәті – сәжде жасаған кезі», – деген. Демек, мешіт – пендені Жаратушысына жақындататын ерекше мекен. Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Масаншы ауылындағы «Омар» мешітін арнайы барып, ішкі және сыртқы жағдайын жан-жақты зерделеді. Тексеру барысында мешіттің жалпы ахуалына оң баға беріліп, көңілі толғанын жеткізді. Алла Тағала баршамыздың ниеттеріміз бен амалдарымызды қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: