«Өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді», – делінген қасиетті Құранда. Тәпсір ғалымдары бұл аяттағы «өз-өздеріңді өлтірмеңдер» деген тыйымның бірнеше мағынасы бар екенін айтады. Оның ең бастысы – адамның өзіне-өзі қол жұмсауына, яғни суицидке қатаң тыйым салу.
Ал аяттың жалғасындағы «Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді» деген сөздер бекер айтылмаған. Себебі адамды мұндай қадамға көбіне үмітсіздік итермелейді. Сонымен қатар, Алланың адамзатқа берген сансыз нығметтерін елемеу де осындай күйге түсіруі мүмкін. Алла Тағала адам баласын ерекше мейіріммен әрі махаббатпен жаратқан. Ендеше, осынша нығметке бөленген адам өзіне қалайша зиян келтіре алады деген терең мағына жатыр. Осы орайда Жамбыл облысы, Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Қаракемер ауылындағы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында адам өмірінің қадірі, оның маңыздылығы, сондай-ақ берілген нығметтердің сұрауы мен жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді. Жиын соңында жастарға өмірдің мәнін түсініп, әрбір сәттің қадірін білу қажеттігі айтылды. Алла Тағала баршамызға амандық беріп, отбасыларымызды тыныш, жұртымызды берекелі етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

