Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республикалық "Таза Қазақстан" науқаны Жамбыл өңірінде жалғасын табуда. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі аталған науқан аясында Тараз қаласының көшелерінде 2 сенбілікте 530 түп ағаш отырғызды.
Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бастаған «Һибатулла Тарази» мешітінің имамдары мен қызметкерлері, Жарбол Болатұлы бастаған "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұжымы, Тараз қаласының имамдары, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Мешіт істері бөлімінің өңірдегі жауапты маманы Халид Қожахметовтің ұйымдастыруымен белсенді жамағат атсалысып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Отырғызылған көшеттер суарылып, тиісті күтім жасалды.
Көпшілік игі іске жұмыла қатысып, туған қаланың көркеюі мен экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты. Мұндай бастамалар қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып, қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



19 Сәуір 2026
2 Зуль-каада 1447

