Тараз қаласындағы "Құрал қажы" мешітінде ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы өз жалғасын тапты.
Игі бастама аясында Тектұрмас кесенесі маңында, "Һибатулла Тарази" медресе-колледж шәкірттеріне және бір мұқтаж жанға ет таратылып, үлкен сауапты іс жүзеге асты. Бұл - жамағаттың бірлігі мен кең пейілін көрсететін жарқын үлгі болды.
Шара барысында қатысушылар бір - біріне қолдау білдіріп, мейірім мен жанашырлықтың маңызын терең сезінді. Осындай игі істер қоғамдағы татулық пен бауырмалдықты нығайтып , адамдар арасындағы сенімді арттыра түседі.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да қайырымдылық шараларын жиі өткізіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетуді жалғастыратынын жеткізді.



15 Маусым 2026
29 Зуль-хиджа 1447

