Қарабөгет ауылында қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – ішімдікке тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Арақсыз ауыл» тақырыбында жиналыс ұйымдастырылмақ.
Аталған шараның басты мақсаты – ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, отбасы құндылықтарын нығайту және ішімдіктің зияны туралы кеңінен түсіндіру. Жиналыс барысында дін өкілдері мен ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, арақтың адам денсаулығына, отбасы берекесіне және қоғамға тигізетін кері әсері жайында ой қозғайды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Сәуір 2026
26 Шавваль 1447

