ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНІҢ ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕКТІ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТІП ЖАТЫР

ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНІҢ ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕКТІ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТІП ЖАТЫР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінде Жамбыл өңірінің діни қызметкерлері республикалық кезекті аттестаттаудан өтіп жатыр. Үш жылда бір рет болатын аттестаттауға 500-ден астам дін маманы қатысуда. Имамдар мен ұстаздар бірінші кезеңде компьютер арқылы фиқһ, ақида, тарих, заң бойынша тест тапсырады. Ал екінші кезеңде Құран, тәджуид, діни құндылықтар, дін мен дәстүр сынды сұрақтар бойынша ауызша емтиханнан өтеді.

Аттестаттау комиссиясының құрамында төрағасы, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Тілеубердиев, мүшелері: ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов болды.

Аталған аттестаттау – діни қызметкерлердің білім-біліктілігін саралап, кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған маңызды кезең. Бұл үдеріс имамдар мен ұстаздардың діни сауаттылығын жетілдіріп қана қоймай, қоғамдағы рухани тұрақтылық пен діни мәдениетті нығайтуға өз үлесін қосады.

Сондай-ақ аттестаттау барысында қызметкерлердің шариғи біліммен қатар, заманауи құқықтық және қоғамдық мәселелерге деген көзқарасы да бағаланып, олардың халықпен жұмыс істеу қабілеті жан-жақты сараланады. Бұл – дін саласындағы мамандардың жауапкершілігін арттырып, ел бірлігі мен рухани тұтастығын сақтаудағы маңызды қадам.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

               

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: