Қарабөгет ауылдық мешітінде Құмөзек ауылы «Саурық ата» мешітінің имамы Данияр Жолдасбайұлы жамағатқа «Суицид – ауыр күнә» тақырыбында мазмұнды уағыз айтты.
Уағыз барысында ислам дінінде адам өмірінің қасиетті аманат екені түсіндіріліп, қандай қиындық болса да үміт үзбеу, сабыр сақтау және Жаратушыға тәуекел ету қажеттігі кеңінен баяндалды. Имам адам баласын тығырыққа тірейтін жағдайларда дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығына тоқталып, рухани әлсіздікке бой алдырмауға шақырды.
Сонымен қатар, жамағатқа бір-біріне жанашыр болу, қолдау көрсету, әсіресе жастардың тәрбиесіне мән беру қажеттігі айтылды. Уағыз соңында жамағатпен бірге жұма намазы оқылды.
Бұл насихат – қоғамда өмірге деген жауапкершілікті арттырып, адамдарды сабыр мен сенімге үндейтін маңызды рухани кездесу болды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Сәуір 2026
26 Шавваль 1447

