#Мойынқұм: Мойынқұмда рухани тағылымға толы кездесу өтті

#Мойынқұм: Мойынқұмда рухани тағылымға толы кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық «Рәтқұл ата» мешітінің имамы ауылдық «Аталар мектебінің» өкілдерімен кездесіп, «Дін мен дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында ұлт тәрбиесінің өзегі саналатын салт-дәстүр мен ислам құндылықтарының үйлесімі кеңінен сөз болды. Имам дін мен дәстүрдің ажырамас байланысын атап өтіп, олардың қоғамдағы тәрбиелік мәніне тоқталды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта жастардың бойына ұлттық және рухани құндылықтарды сіңірудің маңыздылығы ерекше айтылды.

Жиынға қатысқан ақсақалдар да өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өткен мен бүгіннің сабақтастығы жайлы тағылымды ойларын жеткізді. Әсіресе, ата дәстүрді сақтау, ұрпақ тәрбиесі және бірлік мәселелері төңірегінде мазмұнды пікір алмасты.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: