Тараз: «ӘЛ-ӘДІЛ» МЕШІТІНДЕ «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Тараз: «ӘЛ-ӘДІЛ» МЕШІТІНДЕ «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әл-Әділ мешітінде «Жақсылық жаса» атты сенбілік тазалық шарасы өтті. Игі бастамаға мешіттің әйел жамағаты белсене қатысып, айналаны тазалап, сауапты іске өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар тек тазалықты сақтау ғана емес, сондай-ақ қоғамда мейірімділік пен бірлікті нығайтуға бағытталған.

Іс-шара барысында қатысушылар мешіт ауласын тазалап, қоршаған ортаны ретке келтірді. Әйел жамағатының ұйымшылдығы мен белсенділігі көпке үлгі болды. Олар игі істі Алланың разылығы үшін жасап, сауаптан үміт ететіндерін жеткізді.

Ислам дінінде тазалық пен жақсылық жасауға ерекше мән берілген. Пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): «Тазалық – иманның жартысы» деген. Бұл хадис мұсылман адамның сыртқы әрі ішкі тазалыққа көңіл бөлуі керектігін көрсетеді. Сондай-ақ Құран Кәрімде Алла Тағала жақсылық жасаушыларды жақсы көретінін баяндайды: «…Шын мәнінде, Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» («Бақара» сүресі, 195-аят). Бұл аят әрбір мұсылманды игі амалдарға ұмтылуға шақырады.

Осындай шаралар арқылы мешіт жамағаты тек ғибадатпен шектелмей, қоғамға пайдалы істер атқарып, өзгелерге үлгі көрсетуде. «Жақсылық жаса» сенбілігі – соның айқын дәлелі. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, әжелер мектебінің тағылымын дәріптеу арқылы мұндай игі бастамалар ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқарады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: