«Сауытбек» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев Қазақстан темір жолы мекемесінде «Дін және ұлттық болмыс» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің басты мақсаты – қызметкерлер арасында жат ағымдардың алдын алу, дәстүрлі діннің құндылықтарын насихаттау және ұлттық дүниетанымды дәріптеу болды.
Іс-шара барысында жат ағымдардың қоғамға тигізер зияны түсіндіріліп, олардың белгілері мен сақтану жолдары кеңінен баяндалды. Кездесу кезінде қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



15 Маусым 2026
29 Зуль-хиджа 1447

