#Шу: «Қоғамдық мәдениет және моральдық дәстүрлер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

#Шу: «Қоғамдық мәдениет және моральдық дәстүрлер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы әкімдігінде «Қоғамдық мәдениет және моральдық дәстүрлер» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев жүргізіп, мекеме қызметкерлерімен рухани-танымдық кездесу өткізді.

Кездесу барысында қоғамдағы мәдениет пен моральдық құндылықтардың маңызы кеңінен талқыланып, ұлттық дәстүрлердің адам тәрбиесіндегі орны ерекше атап өтілді. Бас имам өз сөзінде салт-дәстүр мен діннің сабақтастығына тоқталып, олардың қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөлін түсіндірді.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ой-пікірлер ортаға салынды. Аталған дөңгелек үстел – қоғамда ізгілік пен парасаттылықты дәріптеуге, ұлттық және рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: