Шу ауданы «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Игі шараға жамағат белсене қатысып, сауапты іске өз үлестерін қосты.
Жәрмеңке барысында түрлі тағамдар мен сусындар ұсынылып, жиналған қаражат Аяулым есімді қыздың еміне жиналды. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар бір мақсатқа жұмылып, мұқтаж жанға қолдау көрсетті.
Аталған қайырымдылық шарасы – қоғамда мейірімділік пен мұсылманның мұсылманға деген жанашырлықты насихаттаудың жарқын көрінісі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Сәуір 2026
26 Шавваль 1447

